дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 12 04.11.2023 23:26

Ырысбала Икрамбай өзі сыйлаған баспананың иесіне ашуланды

ашық дереккөзден

Блогер Ырысбала Икрамбай өзі табыстаған баспаналардың бірінің кепілге қойылғанына ашуланды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Блогер Ырысбала Икрамбай өзінің Instagram парақшасына видео жүктеді.

Блогердің сөзінше, баспаналы болған көпбалалы әйелдің інісі бизнес бастаймын деп, үйді банкке кепілге қойып, несие алған.

Үйдің ақшасына ГАЗель алған. 

"Ашуланып тұрмын. Жақсылықтың қадірін білмейді екен, "бағамаламағанға бақ қонбайды" дейді ғой. Ол үйді иесі 28 миллион теңге деп қойған еді, біз қайырымдылыққа деген соң 26 миллион теңгеге түсті, сосын сіздің мұқтаж жанға қосқан үлесіңіз болсын деп 22 миллион теңгеге алғанбыз. Банк үйді 31 миллион теңгеге бағалаған, сөйтіп үйді кепілге қойып 12 миллион 478 мың теңге несие алған. Бауыры әпкесі бала-шағасымен қаңғырып жүрген кезде қайда болды? Неге көмектеспеді? Халық өз баласының аузынан жырып берген ақшаны жинап, үй алып, оның ішін толтырып бергенде, олар өз білгендерін істеп отыр", - деді Ырысбала.