дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 04.11.2023 23:45

Елімізде қызылша мен А гепатиті ауруы өршіп тұр

Қазақстанда қызылша мен А гепатиті өршіп тұр, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Еліміздің денсаулық сақтау министрінің орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова инфекциялық аурулардың көбейгенін айтады.

Оның айтуынша, қызылша ғана емес, сонымен қатар А гепатитімен инфекцияның көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр. Қызылша еліміздің барлық өңіріне әсер етуде. Бұл ауруды ең көп жұқтырғандар саны бойынша Шымкент пен Алматы көш бастап тұр.

"Осыған байланысты Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауға дайын болуға тиіс", - деді Есмағамбетова.