дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 05.11.2023 14:9

Елімізде аудан және қала әкімдерін сайлау басталды

ашық дереккөзден

Елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімін сайлауы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

5 қараша күні 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қалада сайлау өтіп жатыр.

Бұл сайлауды өткізу үшін қажетті құқықтық база өткен жы­лы қалып­тасқан. Өкілет­тік­терге сәйкес 17 об­лыс­тың мәсли­хаттары қанатқақты режім­де сайлау өткізу үшін 45 аудан мен об­лыстық маңызы бар 3 қалалардың тіз­бесін бекітіп, кандидаттарды тіркеу, насихаттау жұмыстары жүргізілді. 

Ал сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары саяси науқанға 25 күн қалғанда және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша сағат 00.00-де тоқтатылды.

Сайлауға қатысуға 164 кандидат ниет білдірді. Олардың 69-ын саяси партиялар, ал 95-і өзін-өзі ұсынды.