дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
4 05.11.2023 14:19

Талдықорғанда ер адам сүйіктісінің тамағын кескен

фото: © krasrab.ru

Талдықорғанда ер адам сүйіктісінің тамағын кесіп, оны жәбірлеген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Құқық қорғаушының мәліметінше, қазір қылмыскер қолға түскен. Жетісу облысының полиция департаменті күдіктінің үстінен "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша іс қозғалғанын айтты.

Құқық қорғаушы Дина Смайылова құқық қорғау органдары жәбірленушіні қорқытып қойғандығын айтады.

"Полицейлер ауруханаға ота кезінде келіп, оны күтті. Реанимациядан енді шығып, отаның өткеніне бір сағат болғанда, полиция департаментіне алып кетті.  Келіншек әлі анестезиядан шықпағандықтан, жолда құсты, тұра да, жүре де алмады. Полиция қызметкерлері одан сондай сәтте жауап алып, құжатқа қол қоюға мәжбүрледі. Сондықтан жауап алу кезінде ол өзін жаман сезініп, қайтадан құсып жіберді", — деп жазады құқық қорғаушы.