дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 05.11.2023 17:50

Медиамагнат Марк Цукерберг ауруханаға түсті

М.Цукерберг парақшасынан

Марк Цукерберг аяғына жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Америкалық миллиардер, Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербер ММА жаттығуы кезінде ауыр жарақат алған. Ол бұл туралы парақшасында жазды. 

Марк аяғына операция жасатқаннан кейінгі суретін жариялап, өзіне қамқорлық танытқан оқырмандарына алғыс айтты.

"Спаррингте ACL (ред. - тізедегі крест тәрізді байланыстардың бірі) жыртылып, оны ауыстыру операциясы жасалды. Маған қамқорлық жасағаны үшін дәрігерлер мен командаға алғыс айтамын. Мен келесі жылдың басында ММА жекпе - жегіне дайындалып жүргенмін, бірақ қазір бұл сәл кешіктірілді", - деп жазды кәсіпкер өз жазбасында.

Марк Цукерберг сондай-ақ денсаулығы жақсарғаннан кейін жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты.