дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
4 05.11.2023 17:59

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екінші орынды иеленді

ашық дереккөзден

Қазақстан әлем чемпионатында кіші футболдан күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

БАӘ-ның Рас-эль-Хайма қаласында кіші футболдан 2023 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы Румынияға есе жіберіп, екінші орынға жайғасты.

Румыниялық футболшылар пенальтиде гол салып, 12:11 есебімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде Румыния құрамасы жеңіс тұғырынан көрініп, жеңімпаз атанды. Ал қазақстандық футболшылар күміс медальді иеленсе,  үшінші орынды Венгрия алды.