дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 27 06.11.2023 12:12

Ерке Есмахан балалық шағында қандай оқушы болған?

Әнші Ерке Есмаханның алғашқы ұстазы әрі жеңгесі әншінің балалық шағы туралы естелікпен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әншінің ең алғашқы ұстазы өз жеңгесі болған. Ол білім беру ісінің үздігі – Ләззат Нұрмахан.   

“Ұстаздық жолда жүргеніме – 38 жыл. Соның төрт жылы халыққа кеңінен танымал Ерке Есмаханға ұстаздық етумен өтті. Өте қатал мұғалім болдым. Өз балаларымды да аямай ұрып алатынмын. Мен келін болып түскен кезде Ерке алты жаста еді. Алғаш әріп үйретіп, қалам ұстатқан алғашқы ұстазымын. Атына заты сай, өте ерке болды. Мектепке баруға, сабақ оқуға ынтасы болмады. Бір үйде тұрғандықтан, мектепке жетектеп алып кетемін. Үйден шығуға дайындалып жатсақ мамасының артына тығыла қоятын. Сол жерден шықпай отырып алатын. Атамыз кішкентайынан музыкалық  мектепте оқытты. Қызының әнші болғанын жан-тәнімен қалаған кісі. Ерке менің тәрбиемдегі қыз болды”, – деп еске алады. 

Оның сөзінше, Ерке Есмахан нағыз ұмытшақ болған. Тіпті сахнаға киетін киім мен аяқ-киімін де тастап кеткен сәттері болған екен.