дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 06.11.2023 22:49

Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ долларын аударды

ашық дереккөзден

Қазақстан Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Президент тапсырмасымен Қазақстан Палестина халқына гуманитарлық көмек жолдады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

"Газа секторындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады", - деді Смадияров баспасөз мәслихаты кезінде.