дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 118 07.11.2023 11:42

Қазақстандықтардың жалақысы 10 жыл бойы өзгермеген

Қазақстандықтардың жалақысы 10 жыл бойы өзгермеген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

2023 жылдың үшінші тоқсанында халықтың орташа жалақысы 350 542 тг болған.

"2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 16,9% болды, нақты мәнде 3,5%-ға өсті. Жалақының медианалық мәні (еңбекақы сериясының орталық деңгейі) 2023 жылдың үшінші тоқсанында 243 924 теңгені құрады", - делінген хабарламада.

DATA HUB ұсынған мәліметтерге сәйкес, орташа жалақы мөлшерін (350 542 теңгені) долларға айналдырар болсаңыз, ол 770 доллар болады.

Бұл шамамен 10 жыл бұрын, 2013 жылдың шілдесінмен салыстырғанда - 739 доллар.