дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 07.11.2023 13:50

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылдық асын берді

Фото: ашық дереккөзден

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылдық асын берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Танымал кәсіпкер Қайрат Беркінбаев қапыда қайтыс болды. Бүгінде кәсіпкердің өмірден өткеніне жылдың жүзі өтті. Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылдық асын беріп, желіде әсерлі жазба жариялады.

Ол күйеуінің қысқа ғұмырында айналасымен сыйласқанын айтып, оқырмандарын барды бағалауға шақырды.

"Уақыт, не деген жүйрік едің ағын судай. Бүтін жүректің екіге айрылғанына, қабырғамның қайысып, асқар таудың шағылғанына да бір жыл болды. Жүректегі сезімді, кеудедегі қобалжуды жеткізу мүмкін емес. Менің жай-күйімді тағдырластарым ғана түсінер. Қайрекеңнің жылдық асын бүгін беру бұйырыпты. Алыс-жақыннан жиналған ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестеріміздің қолдауына, көңілдеріне алғыс айтамын. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізбен сыйласып қана өтуді жазсын. Барымызды, бақытымызды бағалайық", - деп жазды ол.

Сондай-ақ ол жылдық аста өзінің анасының иығына ақ орамал жауып, желіде видео жариялады.