дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 07.11.2023 13:57

Алматы облысында әйел ондаған адамды алдап кеткен

Фото: ІІМ

Алматыда 38 жастағы әйел бірнеше адамды алдап кеткені айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz агенттігіне сілтеп.

Қазір ол тәртіп сақшыларының қолына түскен. Күдікті әйел бұған дейін де бірнеше рет істі болған екен.

ІІМ баспасөз қызметінің хабаралуынша, хиджаб киген күдікті әйел бұған дейін 15 адамды алдап соққан. Ол өзі пәтер жалдап ақшасын төлейтін кезде, оны басқа адамға жалға беріп кеткен.

Онымен қоймай, жалға берген адамдардың бәрінен бір немесе бірнеше айдың ақшасын сұрап, алданған адамдар кем дегенде 150-400 мың теңге берген.

Көпшілік бұл жайтқа қатысты сан-түрлі пікір білдіріп, әйелді қатаң жазалау керек деген ұсыныстарын білдіруде.