дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 49 07.11.2023 14:37

Көкшетаулық азамат жұбайына ерекше тосын сый жасады

Қазақстандық азамат әйелін туған күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Әлеуметтік желіде е адамның әйелін ерекше құттықтаған видеосы желіде желдей есті.

Күйеуінің келуі отанасына күтпеген қуаныш болған. Биляловтар отбасының әкесі жұбайын жеке мерекесімен құттықтау мақсатында Англиядағы іссапардан ерте оралуға шешім қабылдаған.

Ол үлкен аниматорлық қонжықтың киімін киіп, кеш қонақтарының көңілін аулауға тырысқан. 

"Видео естелік ретінде түсірілді. Мен отбасыма 10 қарашада қайтамын деп айтқан болатынмын. Кейін тосын сый жасау үшін ертерек келуге тырыстым", - деді.

Ер адам отбасын алты айға жуық көрмеген. Көкшетаулық тұрғын әйелін қуанту үшін бұл сәтті ұзақ күкен.