дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 07.11.2023 16:17

Әнші Мейрамбек Беспаев жаңа радио ашты

ашық дереккөзден

"Музарт" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев жаңа радио ашты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші радионың ашылу салтанатын әріптестерінің басын қосып, тойлатты.

Әнші бір ай бұрын инстаграм парақшасында қазақ және орыс тілінде еркін сөйлейтін қыз-жігіттерді кастингке шақырған болатын. Кастингте бақ сынағандарды таңдап, радионың редакциялық құрамды бекітті.

“Кастингке 400-ге жуық қыз бен жігіт жиналды. Кіл жүйріктен 18 адамды іріктеп алдық. Олардың арасынан да ең мықтыларын таңдадық”, – дейді әнші. 

Әншіні жаңа бастамасымен құттықтап әріптестері келді.