дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 07.11.2023 17:42

Министр ет бағасының төмендеп жатқанын айтты

ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанда ет бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Halyq Uni тілшісіне сілтеп. 

Министрдің айтуынша, Қазақстанда еттің бағасы 3 жыл бойы тұрақты екен.

"Етке тоқталайын. Мысалы, сиыр етінің орташа бағасы – 2 485 теңге. Тіпті, баға төмендеп жатыр. Бүгінде оны қайда сататыныңды білмейсің. Сондықтан біз квотаны 60 мың басқа көбейтуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, шаруаларға қолдау көрсетеміз, - деді Айдарбек Сапаров брифинг барысында.