дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 14 07.11.2023 17:59

Ғаділбек Жаңай отбасы туралы сыр шертті

Фото: ашық дереккөзден

Ғаділбек Жаңай "Ұйқым келмейді" бағдарламасында жанұясы туралы сыр шертті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ғаділбек Жаңай жанұясында болған түсініксіз әрі қызықты жағдаймен бөлісті. Оның балалары әкесін теледидардан өзге әйел адаммен көріп, дұрыс түсінбей қалған.

"Бір күні келіншегім видеомен қоңырау шалды. Ар жағында балаларым жылап жатыр. Әйелім “мыналарға түсіндірші” деді. Сөйтсем, олар теледидардан мені басқа әйелмен, басқа балалармен көріп жылаған. “Әкеміздің басқа отбасы бар ма не?” деген айқай болған. Барынша түсіндірдім. Бірақ, біразға дейін ойларынан кетпей, ренжіп жүрді”, – деді Ғаділбек Жаңай.

Өнер иесі әйелінің жұмыс істегенін қаламайтын болып шықты.

“Ақмаржан жарымның жағдайы жақсы. Кейде шабыттанып, кәсіп ашқысы келеді. Бірақ, мен оған онсыз да маңызды жұмыс атқарып жатқанын айтамын. Балаларды тәрбиесі жарымның мойнында. Бүкіл нәрсе ана сүтімен, тәрбиесімен келеді. Сол себепті негізгі жұмыс жарымда, менікі оның қасында ондай маңызды емес, - деді ол өз сөзінде.