дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 08.11.2023 11:51

Паволодарда жасөспірімдер мектеп оқушысын зорлап, видеоға түсірген

ашық дереккөзден

Павлодарда 2-сынып оқушысының зорланғаны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Павлодарлықтардың айтуынша, бір топ жасөспірімдер жеті жасар мектеп оқушысына жыныстық азғындық жасап, соны видеоға түсірген екен. Ал ата-аналар жаға ұстатарлық жайттың екі апта бұрын болғанын естіген.

Зорланған оқушының анасы бұл оқиғаны жасырып қалуға тырысқан. Себебі баласына одан әрі зиян тиеді ме деп қорыққанын айтады. Құзырлы органдар бұл істің бақылауда екенін айтады.

"Бұл факт білім бөлімінде 6 қарашада тіркелді. Қызметтік тексеру жүргізіледі. Білім бөлімінің, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, ювеналды полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы оқу орнына барды. Мектепте алдын алу кеңесі өтті. Мәселе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады, қорытындысы бойынша шаралар қабылданады. Қазір барлық жағдай анықталуда", – деді Павлодар білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.