дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 167 08.11.2023 12:39

Еліміздің оңтүстігінде қазақ-орыс мектептері ашылуы мүмкін

ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оңтүстігінде қазақ-орыс мектептерін ашу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысы Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтады. 

"Бұл ретте біз Ресейдің Қазақстанмен шекаралас, қандастарымыз көп тұратын облыстарында осындай мектептер ашуға мүдделіміз",- деп қосты Тоқаев.