дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 09.11.2023 14:48

Теміртауда екі жасар баласын 18 жерінен пышақтаған азаматқа үкім шықты

ашық дереккөзден

Теміртаулық тұрғын екі жасар ұлын өлтірген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Өз ұлын 18 рет пышақтап, өлтірген әкеге 8 қарашада үкім шыққан.

2023 жылдың 23 наурызында Теміртауда екі жасар баласын он сегіз жерінен пышақтап өлтірген. Теміртаудағы пәтерлердің бірінен екі жасар сәбидің мәйіті табылды. 

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот қылмыс жасалған кезде оның мас болғанын анықтады. Оның кінәсі толық дәлелденді, -  делінген хабарламада.

Қылмыскер әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды.