дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 14 09.11.2023 15:41

Елімізде ниқабға тыйым салынуы мүмкін

ашық дереккөзден

Қазақстан заңнамасында ниқабқа тыйым салу туралы норма жоқ екенін айтады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты ниқаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді. Енді елмізде бетін тұмшалап алатындарға қойылар талап күшейтілмек.

“Заң аясында бұл мәселе әлі реттелмеген. Бетін тұмшалайтындар туралы біз енді қарайтын боламыз. Өйткені депутаттар осыны сауал ретінде жолдады. Қазір оны жан-жақты зерделеп жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін айтқанмын. Әрине, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда, ниқабтарға тыйым салған дұрыс», – деді Аида Балаева.