дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
4 09.11.2023 15:51

Әли Оқапов әкесінің көлігін сатып, күн көргенін айтты

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов өз баласының болашағына алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әли Оқапов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жұлдыздың баласы болу өте қиын екенін айтты. Өнер иесі өзінің көрген қиындықтары мен жағымсыз жайттарды болашақта ұлының көргенін қаламайтынын жеткізді.

"Ұлымның музыкалық мектепке түсіп, жақсы білім алуы тиіс деп ойлаймын. Ортасы қалыптасады, мәдениетті түсінеді. Бірақ, мектеп тәмамдаған соң, қайда түсетінін өзі шешеді. Уақыт көрсетеді. Бірақ, мен оның өнер саласына барғанын қаламас едім. Себебі, ол да менің күнімді кешеді. Оның ағасы, әкесі, анасы, апасы мен аталары да өнер адамдары. Оны да жұлдыздың баласы деп сынайтын болады. "Оның жолы болды" деген сөздер қайта айтылып бастады. Біздің жұмыста бізге тәуелді емес жайттар өте көп. Мысалы, бүгін сізбен де басқа тақырыпта сұхбат жазу керек болғанбыз. Бірақ, сіздің де жолыңыз болды. Әкем мен анамның арқасында өміріміз жақсы болды. Әкем қайтыс болғанда, анамды президент шақыртты. Көңіл айтып, көмегін ұсынды. Бірақ, анам бас тартты. "Бізде бәрі жақсы" деді. Біз ешкімнен көмек сұраған жоқпыз. Әкемнің көлігін сатып, алғашқыда сол ақшаға күн көрдік", - деді Әли Оқапов.