дүйсенбі, 23 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 10.11.2023 12:33

“АрселорМиттал Теміртауға” айыппұл салынды

Ашық дереккөзден

"АрселорМиттал Теміртауға" 1 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Айыппұл салынғаны туралы энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, энергетикалық қадағалау комитеті кәсіпорындарға 2023-2024 күзгі-қысқы маусым бойынша жұмысқа дайындық паспортын беруді аяқтаған.

Тексеруге сәйкес, "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының ЖЭС-2 кәсіпорнына құжат берілмеген, компанияға 1 млн теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.

Оған кәсіпорындағы құрылыс-жөндеу жұмысының толық аяқталмауы себеп болған көрінеді.