жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Білім 30 11.11.2023 9:44

Мұғалімдер Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберуді сұрады

Ашық дереккөзден

Мұғалімдер оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберуді сұрап, хат жазды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Хат жолдаған ұстаздар Ғани Бейсембаевты қызметінен алып тастаудың үш себебін көрсеткен.

"Дарынды жастар  "Педагог мәртебесі туралы" заң  қабылданған соң, ұстаздыққа бет бұрды. Еліміздің білім саласы пандемиядай қиын жағдай болса да, соңғы жылдары үздіксіз дамып келеді. Қазір білім-ғылымға бет бұрған жастардың да легі артуда. Бұл – еліміздің болашағы үшін үлкен күш. Бірақ соңғы тағайындалған оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев  бұл өзгерістерге саботаж жасауда. Жүрген жерінде көпірме сөзден аспайтын министр тіпті шағын мектепті басқаратын деңгейі жоқ екендігін көрсетуде. Бұлай кете берсе, оқу-ағарту ісіндегі соңғы жылдары жасалған оң өзгерістер құрдымға кетеді”, – делінген ашық хатта.

Бұл ашық хатқа 38 ұстаз қол қойған. Ішінде қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы бар.

Ғани Бейсембаевтың бүкіл министрлік құрамды өзгерткеніне де наразы болып шықты.

Бірінші вице-министрден бастап комитет төрағалары,  аппарат жетекшісі, департаменттердің директорларын ауыстырып, туыс-туғанды жинады деп балайды.