жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 74 11.11.2023 12:12

Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі өтті

Ашық дереккөзден

11 қарашада Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы мешітте экс-министрдің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан 9 қараша күні жұбайы Салтанат Нүкенова қайтыс болды.

Марқұммен қоштасу рәсімінде Салтанат Нүкенованың туыстары мен достары болыпты. Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт маңында қыршын кеткен келіншекпен қоштасуға қалың жұрт жиналған.

Еске сала кетейік, Салтанаттың оқырмандары 1 ай бұрын жүкті екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрағанын айтады.