жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Әлем 6 12.11.2023 15:51

Лондонда 300 мың адам қатысқан ең ауқымды шеру өтті

Лондонда 300 мыңға жуық адам Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуды талап етіп, шеру өткізген, деп хабарлайды  Teznews.kz ақпараттық порталы.

«Лондон полициясы бүгін Палестинаны қолдайтын шеруге шамамен 300 000 адам жиналғанын растады», - деп жазады шетелдік БАҚ.

Шеруді ұйымдастырушылар бұған дейін Газа секторындағы израильдік әрекеттерге қарсы шеруге жарты миллионнан астам адам қатыса алатынын айтқан болатын. Бұл Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуінің басынан бергі ең ауқымды акцияға айналады.