жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Әлем 33 12.11.2023 17:54

Жағымсыз пікір үшін бас бостандығынан айырылды

Өзбекстанда жас жігіт президентіне жағымсыз пікір жазғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы gazeta.uz басылымына сілтеме жасай отырып.

Instagram желісіндегі пікірі үшін Өзбекстан азаматы екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

26 қазанда Самарқанд облысының Қаттақұрған аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты 19 жасар Дильшод Искандаровты ҚК-нің 158-бабының 3-бөлігі бойынша "Өзбекстан Республикасының Президентіне қатысты көпшілік алдында қорлау немесе жала жабу" бойынша кінәлі деп таныды.

Ол жазда президенттің инста парақшасына жағымсыз пікір жазған. Сол үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.