жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 17 13.11.2023 12:46

Полиция басқармасының бастығы қыз зорлады деген күдікке ілінді

Ашық дереккөзден

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы қыз зорлады деген күдікпен қамалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Марат Күштібаев Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы болып қызмет істеген. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінген.

"Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай қажетті сараптамалар тағайындалған соң сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді", - делінген хабарда. Облыстық ПД қылмыстық істі тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауына алынғанын мәлім етті.