жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 328 13.11.2023 12:54

Салтанат Нүкенованың құпия өлімі туралы деректер шықты

Ашық дереккөз

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Нүкенов қарындасы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректерді айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қайрат Нүкеновтың айтуынша, Салтанат бала кезінен ашық жарқын, ақкөңіл қыз болған. Ол қыздың колледжде де, университетте де жақсы оқығанын айтады. 

“Ол ешқашан біреуге тәуелді болмаған. Ешкімнен ақша сұрамайтын, өйткені өз нәпақасын өзі таба алатын жан еді.  Барлық адамға сый-құрмет көрсетіп, әдептен озбайтын”, – деді ағасы.

Экс-әкім бойжеткеннің денесін көргендер жағасын ұстады. Олар оны таңнан өлімше етіп сабап, кешке дейін жан тәсілім еткенін күткенін айтады. Сөзінше, тіпті оқиға болған жердегі бейнежазбаның көзін құртып, қылмысын жасырмақ болған. Ол Бишімбаевқа ешқашан кешірім бермейміз дейді.

“Қазіргі таңда көп блогерлер ақша үшін Бишімбаевты ақтағысы кеп жатыр. Оларды “блогер” деуге де ауыз бармайды. Бірақ олар өз бастарына осындай жағдай түскенде, қандай әрекетке барғандарын түсінеді. Бишімбаевтар әулеті ұлын қорғай бастады. Бірақ біз үшін ол – қаскөй және қанішер. Біз оны ешқашан кешірмейміз. Егер күдікті байқамай жазым етіп алса, кешіруге болушы еді. Алайда ол қатігездікпен өлтірген. Мұндай адамды кешіруге болмайды. Кешірсек, тағы біреуді өлтіреді. Ол адамның өлімі біздің мойнымызда қалады”, – деді Нүкенов.