жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 21 13.11.2023 14:28

"Опасыз едім". "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің актеры ішкі сезімін айтты

Ашық дереккөзден

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі тек қалың көрерменді ғана емес, киноға түскен актерлерге де қатты әсер еткен, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

"Qazaqstan" ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген фльм көрермендер арасында "Ең үздік туынды" деп танылған. Оған себеп - кинотеатрлардағы кезек пен көрерменнің ынтасы.

Отандық туынды фильмде басты рөлді сомдаған актерлерді де "оятқан".  "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінде Міржақып болып ойнаған Бақыт Қажыбаев та алғаш рет фильмнің сценарийін оқыған кезде өксіп жылап, тоқтай алмағанын айтты.

Мені де оятқан осы кино болды. Сценарийді оқығанда өксіп жылап, тоқтай алмадым. Жерді төпелеп ұрдым. Сол кезде «Мен халқыма не істедім? Қандай пайдамды тигіздім?» деген сұрақ келді. Ахаңдардың, Жахаңдардың еңбегін білмейді екенмін ғой. Кім үшін күресіп кеткенін, не істеп кеткенін қалай білмедім деп өзімді жеп қойдым. Осыны білмеген қандай топас, опасыз едім деп қатты әсерлендім. Осы уақытқа дейін «Бізге неге бермейді? Неге бізге өйтпейді» деп көп айтамыз ғой. Мен сол сәттен бастап «Мен елім үшін не істедім?» деген сауалды қоятын болдым, - деді актер.