жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 18 13.11.2023 14:45

Әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа қатысты қарсылық басталды

ашық дереккөзден

Қазақстандық белсенділер әйелдерге тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб бастады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл флешмобтың басты мақсаты әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырауының алдын алу, заңды қатаңдату.

"Біздің талап: Әйелдерге қатысыты зорлықты тоқтату”,- деген ұранмен әлеуметтік желілерде видео тарай бастады. 

Instagram желісінде желдей ескен видеоның жазбасы:

“Күн сайын жаңалықтардан әйелдерді ұрып-соғып, зорлап, өлтіріп жатқан жағдайларды көреміз. Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорлары тіпті олардың барлығына көмектесіп үлгермей жатыр. Қылмыскерлер жауапкершіліктен үнемі жалтарып кетеді. Себебі залымдарға қатысты заңнама жұмсақ. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық декриминализацияланған”, – делінген.