жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 13.11.2023 17:40

"Қыз зорлады" деген полицейдің кабинетінен айғақтар табылған

ашық дереккөзден

Талдықорғанда полиция басқармасының бастығы "қыз баланы зорлады" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Күдіктінің кабинетінен қызға тиесілі гигиеналық заттар мен ер адамның шақуат ізі табылған. 

Зорлық көрген қыздың адвокаты Нұрлан Молбаев оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

“Менің қорғауымдағы азамат басшының кабинетіне кіргеннен кейін болған жағдайды айтып, ақталған. Оны мұқият тыңдаған полиция басшысы көмектесетінін айтқан. «Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын» деп, қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастайды. Қазір жәбірленуші тиісті сараптамадан өтті, қылмыс орнынан, яғни Талдықорған қалалық полиция басқармасы басшысының кабинетінен айғақтар алынды. Кабинеттен қызға тиесілі гигиеналық заттар мен ер адамның шақуат ізі табылды”, – деді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев.