жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Әлем 7 13.11.2023 18:23

Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялау басталды

ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың қауіпсіз жерге көшірілетінін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

СІМ хабарлауынша Газа секторынан 40 қазақстандық, олардың 4 туысы эвакуацияланады.

Айбек Смадияровтың сөзінше, 10 қарашада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Израильдің Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, жерлестеріміздің жағдайы туралы білген.

"Біздің министр Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау еліміздің басты мақсаты екенін атап өтті... Келіссөздер арқасында, сондай-ақ Мысырдағы, Иорданиядағы және Израильдегі Қазақстан елшіліктерінің келісілген іс-қимылдары арқасында бүгінде Газа секторынан азаматтарымызды эвакуациялау процесі басталды. 13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топты эвакуациялау жоспарлануда. Оның 40-ы Қазақстан Республикасының азаматы, төртеуі шетелдік әрі олардың отбасы мүшелері", - деді Айбек Смадияров.