жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 272 13.11.2023 18:37

Баян Алагөзова Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірді

Ашық дереккөзден

Баян Алагөзова Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Салтанат Нүкенованың өлімін "Ұлттық трагедия" деп атады.

«Елімізде отбасының екеуінде әйелдер зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады. Мұны қалыпты жағдай деп санайды, өйткені өздері сондай отбасыда тәрбиеленген. Бұл – модель. Бізде бәрі «ойбай, ұят болады, бұл отбасылық мәселе, араласпаңдар» деп жатады. Бұл жеке мәселе емес, бұл – ұлттық трагедия. Сондықтан мұндай жағдайларды айтуымыз керек», – дейді Баян Алагөзова.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 10 маусымында Баян Алагөзованың бірінші күйеуі Бақытбек Есентаев продюсерге қол көтеріп, пышақтаған болатын. Баян Мақсатқызы сол кезде бір өлімнен қалған еді.