жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 14.11.2023 12:32

Әкелер ұйымы мектептерде құрылады

Мектептерде Әкелер одағы құрылмақ, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ тілшісіне сілтеп.

Астана қаласындағы «Әкелер одағы» қоғамдық қорының төрағасы одақтың жұмысы мен мектеп қабырғасында әкелер ұйымы бой көтеретінін айтты. 

Өзіміздің қоғамдық ұйым жайлы айта кетер болсам, Әкелер одағының негізгі мақсаты – бала тәрбиесі, балабақша, мектеп қабырғасында ер балалардың қоғамдағы рөлін айқындау. Біріншіден, кішкентай балдырғандардың ата-анасын, бауырлары мен әпке-қарындастарын сыйлау. Екіншіден, ертең отбасын құрған сәтте ер баланың алған жарына қамқорлық танытып, отбасына жауапты екендігін ұындырыу. Балаға кішкентай кезінен болашақтағы іс-әрекетіне жауапты екенін айтып отырудың артық етпесі анық. Бүгінде біз жас ұрпақты тәрбиелеп алсақ, болашақта жақсы жемісін береді деген сенімдеміз. Қазір мектептердің барлығында әкелер ұйымын құруды жоспарлап отырмыз. Бұл – Президенттің қадағалауындағы жұмыс. Оқу-ағарту министрі тамыз конференциясында мектеп директорларына әр мектепте отбасы құндылықтарын айтып, балаларды кішкентайынан тәрбиелейтін ұйымның болуын тапсырды, – дейді Астана қаласындағы Әкелер одағы қоғамдық қорының төрағасы Бекдайыр Күзембай.