жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 14.11.2023 14:44

Назарбаев тойы. Сара Тоқтамысованың рэп-арнау оқыған видеосы тарады

Экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың тірі кезінде тойынан үзінді жарияланды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеолар Болат Назарбаевтың тойынан түсірілген. Той үстінде түсірілген видеодан өнер жұлдыздарының біразын байқауға болады.

Тіпті айтыскер Сара Тоқтамысова Болат Әбішұлына тойда рэп-арнау оқыған.