жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 16.11.2023 14:3

Қазақстанда халық саны 20 миллионға жетті

Қазақстандағы халық саны 20 миллионға жетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.