жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 11 16.11.2023 14:28

Халық санын 20 миллионға жеткізген балаларға екі миллион теңгеден беріледі

«Отбасы» банкі 20 миллионыншы болып дүниеге келген 5 балаға 2 млн теңгеден береді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстанда халық саны 20 миллионға жетті.

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың балаларға арнайы қаражат беретінін айтты.

«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады, - деді Ләззат Ибрагимова.