жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 36 16.11.2023 15:44

Гүлзира Айдарбекова келіндеріне мүлдем ұрыспайтынын айтты

ашық дереккөзден

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас жақында шаңырақ көтеріп, үлкен той жасады. Алайда той төренінен Айдарбековтердің үлкен келіні көрінбеген. "Неге Жұлдыз жоқ? Өзің құртқансың" деп түрлі пікір жазған оқырманға продюсер Гүлзира Айдарбекова жауап берді.

"Нұрекең маған бір-ақ айып тағады. Ол айыбым: келіндерге қатты жағдай жасап қоямын. Мүлде ұрыспаймын, қатты ұстамаймын. Түске дейін оятпаймын. Қонақ шақырып, шарқ ұрып жүргенімде еш мазасын алмай, қыдыруға жіберемін. Үйді тазалайтын мамандар шақырып, үйді жинатып, аспаз жұмсаймын. Міне, менің кінәм. Ал көз жеткізгіңіз келсе, сізді мазалаған болса, бізбен араласатын кез келген адамнан сұрай аласыз", - деп жауап берді Instagram парақшасында.