сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 19 17.11.2023 10:8

Данияр Елеусінов басы дауға қалғанын айтты

Ашық дереккөзден

Боксшы Данияр Елеусінов өзі жайлы дауға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Белгілі спортшы Данияр Елеусінов спорт мектебінде туған дауға қатысты пікір білдірді.

«Менде реніш жоқ. Реніш, әрине, менің атымды қолданғаны үшін ғана. Мәселе болған жоқ ол жерде. Жаңа команда бұрынғы команданың орынына келгісі келгендіктен болған дүние ғой. Менің атым бар болғаннан кейін соны пайдаланып кетті десе де болады. Бұл менің жеке пікірім. Жұмыстан шығып кеттім, ол жерде жұмыс істегеніме көп болған да жоқ қой. Қайтарып бердім. Көп емес, 200 млн емес, 2 млн теңге», -дейді Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусіновтің Астанадағы мемлекеттік спорт мектептерінің бірінен тұрақты түрде жалақы алып келгені айтылған болатын.

Олимпиада чемпионы спорт мектебінен бір жыл жартылай штаттық негізде алып келген еңбекақысын толықтай кері қайтарып, жұмыстан шығып кеткен.