жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 36 17.11.2023 18:8

Блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне қымбат сағат сыйлады

Instagram парақшадан

Дархан Жолшыбеков пен Дариға Нұркеева қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жақында блогерлердің шаңырағында сәби өмірге келеді. Дархан мен Дариға сәбидің жынысын анықтау үшін гендер-пати жасады. Танымал жігіт өз жарын туған күнімен құттықтауды да ұмытпаған.

Сенсің менің барым да, бақытым да, бағым да. Daricorn, туған күніңмен, - деп жазды ол.

Дархан сүйіктісіне тосын сый ретінде 1001 роза, Iphone 15 pro max пен құны 6 миллион теңге тұратын Bulgari бренд сағатын сыйға тартқан.