жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 18 19.11.2023 15:54

Қонаевта қос полицей 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Ашық дереккөзден

Қонаевта екі полиция қызметкері 14 жастағы қызбен жыныстық қарым-қатынасқа түскені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

"Не Молчи!" қорының басшысы, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі дабыл қақты. Әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен қос полицей әрекеттерін видеоға түсіріп алған болып шықты..

Істі бақылауға алған құзырлы орган экс-полицейлерді ұстады.

«Биылғы 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықталып, қазір қамауға алынды.