жексенбі, 8 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 14 21.11.2023 10:26

Ұлттық құрама Словениядан жеңіліп қалды

Ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан құрамасы Словениядан 2:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Еуро-2024 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінен Қазақстан құрамасы өте алмай қалды. 

Люблянада өткен Қазақстан мен Словения арасындағы ойында екі команда Еуро-2024 чемпионатына қатысу үшін бақ сынады.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Н тобындағы басты қарсыласы Словениямен әлемдік доп додасының жолдамасына таласты.

Өкінішке орай, ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне жолдама ала алмады.

Ойынның алғашқы бөлігінде Словения құрамасы 1 гол соғып есепті ашты.

Қазақстан құрамасы екінші тайм бастала сала гол соғып, есепті теңестірді. Гол авторы – Рамазан Оразов.

86-минутында Словения екінші голын салып, есепте алға шықты. Гол салған – Бенямин Вербич болатын.

Словения құрамасы 2:1 есебімен басым түсіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды.