жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 21.11.2023 14:44

Кенжебек Нұрдолдай алимент төлеп, баласына көмектесетінін айтты

Әнші Кенжебек Нұрдолдай өзіне қатысты сын айтқандарға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Кенжебек Нұрдолдайға тұрмысқа шығып, бір баламен жалғыз қалдым деп шағымдан келіншек болды.

Алайда әнші әлеуметтік желідегі парақшасына таңғы 5-те жазба жариялап, кейінірек оны жойып тастаған.

“Қоғамда менің өміріме қатысты болып жатқан әңгімеге нүкте қояйын. Менің бұрынғы әйелім маған қол көтерді деген сөзі – жалған. Бұл сөзімен не айтқысы келгенін білмеймін. Мен әкемнің ар-намысына нұқсан келгенін қаламаймын.  Бір ғана сөз айтқым келеді. Әкемнің атына кір келтіргенін қаламаймын. Ұлымның өміріне жауапкершілік алудан қашпадым. Ешкімді ешқайда қумадым”, – деп бастады әнші сөз басын. 

Әнші экс-жұбайының “балама көмектеспейді” деген сөзін де жалған етіп, жоққа шығарды.