жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 101 21.11.2023 16:0

Жұлдыз Әбдікәрімованың қайын атасы тойға қатысты сұрақтарға жауап берді

Заңғар Нұртастың әкесі үлкен келінінің тойға келмеу себебін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Заңғар Нұртастың Индира есімді бойжеткенге үйлену тойына Жұлдыз Әбдікәрімова мен балалары қатыспады. Әулеттің үлкен келіні тойға неге қатыспағаны көпті толғандырған сауал болған. 

Ел көкейіндегі сұраққа Нұртас Айдарбеков жауап берді.

"Тойға шақырылмаған қонақтың көп болу себебі, біреу біреуді ертіп келеді. Қалай кет деп айтасың? Қазақ келген адамға кет деп айтпайтын халықпыз ғой. Бұйырғаны, сол жерден ойнап-күліп, шай-пайын ішіп кетті. Бір ғана минусы, тойхана басшысына жалынып, стол сұрап жүресің. Жұлдыз бен Қайрат 35 жасқа келді. Кәмелет жасқа келді. Сондықтан бұл сұрақты өздеріне қойыңыз. Бұл орынсыз сұрақ. Менен әйелім мен немерелерім жайлы сұра. Кез келгеніне жауап беремін", - деді Қайрат Нұртастың әкесі. 

Осылайша жұлдыздардың басын қосқан тойға 300 емес, 400 қонақ келген екен.