жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 21.11.2023 16:48

Елімізде пойыз билеттерінің бағасы қымбаттады

Ашық дереккөзден

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы EnergyProm сайтында жарияланды.

Маңғыстау облысының азаматтары пойыз билеттерінің, жол билеттерінің қымбаттағанын байқаған. Деректерге сүйенсек, билеттердің бағасы  35,5 %-ға өскен.

Қала маңына жүретін пойыздар 8,8 пайызға, пойыздың плацкарт вагондарында республикаішілік қатынау - 8,6 пайызға, ал купе - 8,9 пайызға өскен.