сейсенбі, 2 шілде 2024
Саясат 19 22.11.2023 10:24

Грузияда қазақстандық ұсталды

Ашық дереккөзден

Грузияда Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2020 жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық қаржы пирамидасын құрған. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның Telegram арнасында жарияланған.

Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы "күдікті" ретінде ұсталды. Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деген айып бойынша қолға түскен. Оның келтірген шығыны 3,6 млрд теңгеден астам соманы құраған.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші болып танылып отыр.