жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 22.11.2023 17:41

Экс-әкім алаяқтарға алданып қалған

Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы экс-әкімі Ермек Имантаевқа қатысты алаяқтық жасады деген айыппен сотқа тартылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп.

Ақтөбе облыстық қылмыстық сотында бес баланың әкесі әрі құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкеріне қатысты іс қаралған. Жәбірленуші - Ермек Имантаев. Ол Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі. Онымен айыпталушы азамат 2007 жылдан бері жақсы қарым-қатынаста болған екен.

Айыпталушы Ермек Имантаевпен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте адамы бар екен айтқан. Ал Имантаев өзі басқаратын ұйымның қызметкерлері үшін уайымдаған.

Осы тұста айыпталушы 100 миллион теңге сыйақы үшін мәселені шешуге жәрдем көрсете алатынын хабарлаған.