жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 23.11.2023 12:27

Жәнібек Әлімханұлы шетелдік спортшыны нокаутқа түсіретінін айтты

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 11 КО) WBC титулының иегері Джермалл Чарлоның (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шақыртуын қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Өз уақытында қазақстандық боксшы спортшыға жауап берді

"Чарло? Мен оны оңай нокаутқа түсіре аламын! Чарломен жекпе-жек болса, Жәнібек оны жеңе ала ма деген сұрақ туындамайды. Көптің көкейінде тек "Чарлоны Qazaq style қай раундта қандай соққымен құлатады екен?" деген сұрақ қана болады! Мен қазір өз биігімдемін. Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді. Ірі сөз. Ірі іс", - деді Әлімханұлы.