жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 38 23.11.2023 13:37

Балғынбек Имашев "Дикий Арманмен" қалай танысқанын айтты

Ақын Балғынбек Имашев Арман Жұмагелдиевпен таныстығын айттты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Халық арасында "Дикий Арман" атанған Арман Жұма­гелдиевпен қалай танысқанын “TalkLike” жобасында айтып берді.

Ол Арман Жұмагелдиевті тек Айнұр Тұрсынбаеваның жаңа кәсібінің тұсауын кесетін кезде білгенін айтады.

“Ыстамбұлға Айнұр бір кәсібінің тұсауын кесуге елімізден бір топ өнер адамдарын шақырды. Сол жерде таныстық. Оған дейін мүлдем араласып, сөйлескен адамым емес. “Арманға барды” деген әңгіме өтірік. Айнұрдың күйеуінің жолдас жігіттері екен, дастархандас болдық. Нұржан мен Айнұр ұйымдастырған басқосуларда жүздесіп тұрдық”, – дейді ақын.