жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 298 23.11.2023 13:49

Дархан Жолшыбек некесіз туған баласына қанша алимент төлейтіні айтылды

Айдана есімді келіншек блогер Дархан Жолшыбековтен некесіз туған баласы бар екенін айтады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық портады Stan.kz порталына сілтеп.

Айдана Боранбайқызы қазір жалғызбасты ана екенін айтады.

Ол біраз жыл бұрын Park Mall ойын-сауық орталығында даяшы болып жұмыс істеп жүрген.

“2018 жылы Дарханмен таныстым. Біз төрт ай қол ұстасып, қыз бен жігіт болып жүрдік. Ол кезде жасым 17-де болатын. Кейін ренжісіп, араласпай кеттік. Сол кезде менің аяғым ауыр екенін білдім. Дархан да білді. Бірақ “ешкімге айтпа, білдіртпе” деп қозғағанымды қаламады. Маған үйленгісі де келмеді. Содан кейін мен ата-анамның қолына Жезқазғанға кетіп қалдым. 29 желтоқсан күні қызымды босандым. 18 жасымда ана атандым. Кейін әкесімен мүлдем араласпадық”, – дейді Айдана. 

Дегенмен, бойжеткен Дарханның ата-анасының үйіне де іздеп барған.

“Жүкті екенімді білгеннен кейін ата-анам оның үйіне іздеп барды. Алдарынан өтті. Олар да баланы қабылдамайтынын айтты. Ағасы Ақтілекке де жаздық. Дарханның ата-анасы: “Қыздарың басына түскен ауырлықты өзі көтерсін, бізді араластырмаңдар”, – деді. Содан кейін ол жаққа қайтып аяқ баспадық. Қазір қызымды жалғыз өсіріп жатырмын. Отбасымда жеті қыздың үлкені болсам, қызым үйдің сегізінші қызы болып жүр. Ештеңеге өкінбеймін”, – дейді жас ана. 

Сот шешіміне сәйкес бүгінде блогер қызы мен оның анасына ай сайын 15 мың теңге алимент төлейтіні айтылды.