жексенбі, 22 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 23.11.2023 16:54

Рамазан Амантай ата-анасы туралы айтып, көзіне жас алды

Актер әрі сазгер Рамазан Амантай ата-анасына өкпелі екенін айтып, сырымен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Өнер иесі әкесіне деген реніші бар екенін айтты. Ол "Динамен дұрыс" бағдарламасында анасы жайлы айтып, ол  көзіне жас алды.

 "Анам туралы айтқанда көзіме еріксіз жас келеді. Керемет талант иесі бола тұра, отбасын таңдады. Балаларының өнерлі болғанын қалады. Карьера қумады. Арманынан біз үшін бас тартты. Мен бір-бірін шексіз сүйетін, құрметтейтін ата-ананың баласы болдым. Көріп келе жатқаным – тек әке-шешемнің бір-біріне деген ыстық махаббаты. Шешемнің көп қиындыққа төзгенін ойласам, жылап қаламын. Бұл көз жасы трагедия немесе әлсіздік емес. Анам көп нәрсеге көз жұмып, іштен тынды. Осы күнге дейін әттеген-ай, сахнаға шықпадым деп өкінген кезі жоқ. Іштен тынуы да мүмкін. Бір жағынан, сахнаға шықпауы әкемнің қарсылығынан ба деп ойлаймын. Әкем үй шаруасымен айналысып, бала тәрбиелейтін әйелді қалаған шығар. Мен актер боламын дегенде екеуі де қолдады, бірақ анам өнер жолын қуғанымда ерекше қуанды. Жалпы екеуіне де шексіз ризамын", - деді актер.